Меню KDT
МЕНЮ

        

                         

Дәстүр мен фольклор. Мен қазақпын

 

Сабақ тақырыбы:

 

Дәстүр    мен    фольклор. Мен  қазақпын

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:қазақ халқының тарихымен танысy;

 

Оқушылардың басым бөлігі:оның рухани құндылықтарын түсінуді үйренy;

Кейбір оқушылар:батырлардың қазақ халқының тарихындағы рөлін түсінy.

Тірек сөздер:

ауыз әдебиеті – фольклор – folklore;

ерлік – мужество – bravery.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, «Толағай» мультфильмі,

 Қасымханның портреті,

 Е.Құдайбергеновтің орындауында «Мен қазақпын» әнінің бейнеклипі, стикерлер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, таныстырылым, «Толағай» суреті, «батыр», «ерлік», «адамгершілік», «әлсіз», «күшті», «сараң», «мейірімді» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, домбыра, жылқы, батыр, шаңырақ суреті салынған, суреттерге байланысты мақал-мәтелдер жазылған үлестірме парақшалар, қосымша тапсырмаға арналған сюжетті сурет.

Сабақтың мақсаты:

1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде қазақтардың өмір салтын сипаттау

–– «батыр» ұғымын және батырлардың қазақ тарихындағы рөлін;

 

–– мақал-мәтелдер мен аңыздардың мағынасын түсінді;

 

–– қазақ халқының тарихымен танысты.

Сабақ кезеңдері

 

Жоспарланған  іс-әрекет 

сабақтың  басы

Шаттық  шеңбер.

 

Топқа  бөлу:      салт-дәстүр     және      ауыз  әдебиеті

 

Сабақтың  ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа  сабақ

Бұл сабақты «фольклор» ұғымын түсіндіруден бастаған дұрыс. Ол үшін Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдатуға болады. Тыңдап болғаннан кейін оқушылардан бұл ән қандай сезім оятқанын, мағынасы қандай екенін сұраңыз. Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз. Бұл ән қазақ халқының ең ауыр жылдарында пайда болғаны туралы әңгімелеңіз. Қаптаған жоңғарлар қазақтың бейбіт ауылдарына қаһарлы күшін төкті. Мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Міне, сол кезде барлығы білетін және айтатын осындай зарлы ән пайда болды. Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер, мақал-мәтелдер, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады.

 

•                     Танысып қой, бұл – батыр Толағай.

•                     Неліктен ол батыр атанды деп ойлайсың?

 

«Толағай» – халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты. Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астындақалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады

«Жеті жебе» әдісі.  Ол үшін сабақ басталар алдында тақтаға қазақ батыры бейнеленген суретті іліңіз. Суреттің айналасына бормен жеті жебенің суретін салыңыз. оқушыларға қалауы бойынша жебелерге батырдың ерекше қасиеттерін жазуды ұсыныңыз.

Жауабы: Күшті, ержүрек, батыр, қайсар, елжанды, жанашыр, мейірімді.

Халық даналығы.

«Батыр  туса-ел  ырысы, жаңбыр  жауса –жер  ырысы»- дегенді  қалай  түсінесің?

Қазіргі  заманда  батыр  атануға  бола  ма?

 Мысалы, қарттарға, мүгедектерге көмек, өрт сөндіру.

Біле  жүр.....

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы     Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы- ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті.Қасым хан-қазақтың  белгілі  ел   билеушісі.Ол билік еткен  уақытта  қазақ  елі  басқа  халықтарға  танымал  борлды.Еліміздің  шегарасы  бекіді.Ол  елін  сүйген.Қолына  қару  алып,жерін  жаудан  қорғаған. Қасым дана және көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған.

Сен білесің бе?

 Әр халықтың   өз  ана тілі бар,

Тілі  жоғалған халықтың  өзі де  жоғалады.

Жауабы: Гүл қурайды. Ана тілі де тура сол сияқты. Егер ана тілінде сөйлемесе, ол біртіндеп жойылып кетеді. Тіл болмаса, халық та болмайды.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Бұл сабақтың тірек сөздері қолданып жүрген сөздік қорға жатпайды. Оқушылар тірек сөздерді хормен қайталасын. Содан кейін тірек сөзбен бір жай сөйлем ойлап табуын сұраңыз. Қабілеті жоғары оқушылар өз сөйлемдерін орыс және ағылшын тілдеріне аудара алады.

Пәнаралық байланыс

 

Жаратылыстану. «Сен білесің бе?» айдарының мазмұнын ашқан кезде өсімдікпен салыстыру қолданылады.

АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар интернет ресурстарынан қазақ хандығы туралы материалдар жинайды.

Үйге  тапсырма 

 

58-59  «орындап  көр»-  хат  жазу

Сабақтың  соңы

 

«Орындық»  әдісі-  парақшалар  тарату.сабақтағы  алған  білімдерін  пысықтау.

Толағай,    батыр.     Қасым  хан,   аңыз,    ауыз  әдебиеті,     ана  тілі,

ерлік,    Тарбағатай,  Саржан,  Жәнібек, қазіргі  батырлар,менің  елім

Бағалау

смайликтер  арқылы

 

 

 

 

 



Просмотров: 1348

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

КӨБЕНСАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ҚАЖАТОВ ДАУЛЕТ АМАНТАЙҰЛЫ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ СМАГУЛОВА РАУШАН ГАБДУСАЛЯМОВНА

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ МАХМЕТОВА АҚМАРАЛ КЕНЕСҚЫЗЫ

KUNDELIK

БІЗ FACEBOOK-te

 

 
 

 
 

Статистика

  • Осы айда13
  • Осы аптада1
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки